Чемпиондар лигасы: «ЦСКА» «Реалды» ойсырата жеңді

0
Чемпиондар лигасы: «ЦСКА» «Реалды» ойсырата жеңді


Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ақтық сынында мәскеулік ЦСКА мадридтік «Реалды» ойсырата жеңді.

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді. Бірінші таймда ресейлік клубтың шабуылшысы Федор Чалов 37-ші минутта есеп ашты, араға алты минут (43-ші) салып қорғаушы Георгий Щенников есепті еселеді. Ойынның 73-ші минутында жартылай қорғаушы Арнор Сигурдссон финалдық кездесудің нүктесін қойды.

Осындай есеппен корольдік клубты жеңгеніне қарамастан небәрі 7 ұпай жинаған ЦСКА G тобында төртінші орынды қанағат тұтты. Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне бұл топтан «Реал» және италиялық «Рома» шықты. Ал чехиялық «Виктория» командасы Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Айта кетейік, 12 желтоқсанда Астана уақытымен 23:55-те чехиялық «Виктория Пльзень» мен италиялық «Рома» және испаниялық «Реал» мен ресейлік ЦСКА ойнады.

Ал 13 желтоқсанған қараған түні 02:00-де «Аякс» (Голландия) — «Бавария» (Германия), «Бенфика» (Португалия) — АЕК (Грекия), «Валенсия» (Испания) — «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Манчестер Сити» (Англия) — «Хоффенхайм» (Германия), «Шахтер» Донецк (Украина) — «Лион» (Франция) және «Янг Бойз» (Швейцария) — «Ювентус» (Италия) матчтері өтті. QazSport арнасы «Реал» — ЦСКА және «Шахтер» — «Лион» матчтерін, ал Qazaqstan — «Валенсия» — «Манчестер Юнайтед» кездесуін көрсетті.

Дереккөз: vesti.kz