Футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

0

Іріктеу турнирін негізгі кезеңнен бастайтын Қазақстан құрамасы Румыниямен бірге 5-топта өнер көрсетеді. Тағы қос қарсылас бастапқы раундтағы бәсекелерден кейін белгілі болады. Бұл ретте жерлестеріміздің жолы G тобында топ жарған және С тобында екінші орын алған командалармен қиысады. Осы айтылған сөзіміз көпшілікке түсінікті болу үшін төмендегі кестеге назар аударған жөн.  

Іріктеу турнирінің бастапқы раунды

А тобы: Латвия, Англия, Кипр, Гибралтар.

В тобы: Беларусь, Норвегия, Косово, Андорра.

С тобы: Македония, Албания, Грекия, Сан-Марино.

D тобы: Грузия, Дания, Германия, Израиль.

Е тобы: Бельгия, Швеция, Армения, Мальта.

F тобы: Босния мен Герцеговина, Түркия, Швейцария, Шотландия.

G тобы: Голландия, Черногория, Болгария, Эстония.

Н тобы: Финляндия, Молдова, Уэльс, Солтүстік Ирландия.

Іріктеу турнирінің негізгі раунды

1 топ: Испания, Польша, D тобының жеңімпазы, Н тобында екінші орын алған команда.

2 топ: Украина, Словения, С тобының жеңімпазы, В тобында екінші орын алған команда.

3 топ: Әзірбайжан, Словакия, H тобының жеңімпазы, G тобында екінші орын алған команда.

4 топ: Италия, Венгрия, B тобының жеңімпазы, А тобында екінші орын алған команда.

5 топ: Қазақстан, Румыния, G тобының жеңімпазы, С тобында екінші орын алған команда.

6 топ: Сербия, Франция, Е тобының жеңімпазы, F тобында екінші орын алған команда.

7 топ: Ресей, Хорватия, F тобының жеңімпазы, Е тобында екінші орын алған команда.

8 топ: Португалия, Чехия, А тобының жеңімпазы, D тобында екінші орын алған команда.

Бастапқы кезеңдегі матчтар 2019 жылдың 29 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында өтеді. Негізгі кезеңдегі кездесулер 2019 жылдың 22-27 қазан аралығында ойналады. Әр топта алғашқы екі орынды иеленгендер элиталық раундқа шығады. Бұл бәсекелер 2020 жылдың 28 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында өтеді. Ол жерде қатысушылар төрт-төрттен төрт топқа бөленіп, өзара тартыста мықтыларды анықтайды. Сол сайыста бірінші орынды олжалаған командалар бірден әлем чемпионатының жолдамасына иелік етсе, екінші сатыға табан тірегендер плей-офф додасына қатысып, қалған екі жолдаманы сарапқа салады. Плей-офф додасы 2020 жылдың 9-12 сәуір аралығында ұйымдастырылады.  

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/