БҚО-да шенеуніктер көпалалы анаға алты үйдің ақшасына бір пәтер алып бермек болған

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн-брифингінде БҚО-дағы мемлекеттік сатып алу туралы айтылды. Өңірде шенеуніктер жергілікті көпбалалы анаға бір пәтерді алты үйдің бағасына алып бермек болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

БҚО-дағы мемлекеттік сатып алудағы қымбат бағаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторинг аясында анықтаған.

«Батыс Қазақстан облысының аудандарының бірінде бір көпбалалы отбасыға тұрғын үй сатып алу үшін ауданы 40-тан 60 шаршы метрге дейінгі пәтерді 30 млн теңгеге сатып алу жоспарланған болатын. Агенттіктің аумақтық департаменті аудандағы жылжымайтын мүлік нарығын зерттеп, сатып алуды қайта қарау туралы ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде осы аудандағы ауылдық жерлердегі тұрғын үй құнын ескере отырып, сол 30 млн теңге шегінде көп балалы отбасылар үшін 1 пәтердің орнына 6 пәтер сатып алынады», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңір департаменті басшысының орынбасары Данияр Якупов.

Алматы облысындада шенеуніктер сыйлық жиынтығын 13 млн теңгеге сатып алмақ болған. Бұл мемлекеттік сатып алу да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кіріскеннен кейін жүзеге аспаған.

«Алматы облысында әріптестеріміз 13 млн теңге тұратын сыйлық жиынтығын сатып алудың жолын кесті. Одан да мұқтаж жанұяға үй алып берген дұрыс болар еді», — деді спикер.