Home Жаңалықтар «Ағасының әйелімен төсектес болған»: Арыс тұрғыны танысын интимді видеомен қорқытқан

«Ағасының әйелімен төсектес болған»: Арыс тұрғыны танысын интимді видеомен қорқытқан

0
5492

Түркістан облысында танысын бопсалап, ақша талап еткен 33 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Ол танысының туған ағасының әйелімен жақындасқан видеосын желіге салатынын айтып қорқытқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Арыс сотының үкіміне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот тергеуі өткен жылдың 27 қыркүйегінде жәбірленушінің ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңырау келіп түскенін анықтады. Телефондағы дауыс жас жігіттен екі сағат ішінде 700 мың теңге тауып беруді талап еткен. Әйтпеген жағдайда, туған ағасының әйелімен төсектес болған сәттегі интимді көріністері бар видеоны YouTube желісіне жүктейтінін айтқан.

Ашуға булыққан жігіт қоңырау шалған бейтаныс азаматқа жағдайды түсіндірмек болған. Ол күдікті қателескен болуы мүмкін деп те ойлапты. Себебі, өзі мұндай әрекетке ешқашан бармаған екен. Алайда, хабарласқан азамат оқиғаға қатысшуылардың аты-жөнін толығымен атап, тағы да ақша талап еткен.

Жәбірленуші сонда ғана полицияға жүгінеді. Бейтаныс азамат хабарласқан нөмір анықталды. Ол жергілікті тұрғын – жасы келген әйелдің атына тіркелген болып шықты. Кейіннен жәбірленушіге қаскөйден тағы бар қоңырау келіп түседі. Полицейлер барлық әңгімені аудиожазбаға сақтап алады. Артынша тергеу телефонның иесі 33 жастағы азамат екенін анықтады. Оның екі кішкентай баласы бар. Полиция оған қатысты Қылмыстық кодекстің 194- бабы 1- бөлігі (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Айыпталушы тергеуде де, сотта да өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда, аудиожазбаның фонографиялық сараптамасы оның дауысын анықтады. Тергеу жинаған басқа дәйектер де оның кінәсін растады. Азамат кінәлі деп танылды. Сот оның алғашқы рет істі болып отырғанын, екі баласы бар екенін және басқа да жайттарды ескере отырып, бас бостандығынан айырған жоқ. Арыс тұрғыны екі жыл шартты түрде бас бостандығынан шектелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.