Ұлының үйлену тойына қалыңдықпен бірдей көйлек киіп барған ене сынға ұшырады

0

Ұлының үйлену тойына қалыңдықпен бірдей көйлек киіп барған ене желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Жарияланған суретте той көйлегін киген екі қалыңдық пен бір күйеу жігіт бейнеленгенін көруге болады.

Басылымның жазуынша, ұлының үйлену тойында анасы болашақ келінмен бірдей киінген екен. Егер ер адам қалыңдығының белінен ұстап тұрмаған болса, көпшлік екі қыз бір жігітке тұрмысқа шығып жатыр деп ойлап қалуы мүмкін еді.

Сонымен бірге, бұл отбасының кім екені көрсетілмейді. Тіпті қалыңдық енесінің өзімен бірдей киінгені үшін қандай көңіл күйде болғаны да жазылмаған. Дегенмен желі қолданушылары енесінің бұл әрекетін аяусыз сынап тастаған.

«Оның көйлегі қалыңдықтың көйлегіне қарағанда сәнді екен», «Бұл дұрыс емес», «Бұл енесі үшін тым ашық көйлек», «Құттықтаймын, ұлыңызды өмір бойын өзіңізден теріс айналдырдыңыз», — дейді желідегілер.