Бозжыра дауына Тоқаев араласты: Үкіметке арнайы тапсырма берілді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бозжыра аумағында салынатын қонақүй құрылысына қатысты  тапсырма берді.

«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді», — деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.