Басты бет Жаңалықтар Еңбекақы көтеріледі: Аймағамбетов білім саласындағы тағы бір өзгеріс туралы айтты

Еңбекақы көтеріледі: Аймағамбетов білім саласындағы тағы бір өзгеріс туралы айтты

0
14706
Advertisement

Кітапханашылар педагогикалық кадрлар санатына қосылуы мүмкін. Бұл туралы министр Аймағамбетов айтты.

«Кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатырмыз. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастама көтердік», – деп жазды министр Facebook парақшасында.

«Бүгінгі таңда көптеген мектеп кітапханаларының жұмыс форматы ешқандай сын көтермейді», – деді министр.

Сондай-ақ, жастардың ақпаратты цифрлық технологиялар арқылы пайдаланатынын ескеріп, алдағы уақытта кітапханаларды цифрландыру жоспары бар екенін жеткізді.

«Көркем әдебиеттің электронды нұсқаларын интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді ету қажет. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бар. Олардың авторларымен бірігіп жұмыс істемекпіз. Сондай-ақ, біз геймификация элементтерін қолдануды жоспарлап отырмыз», – деді Аймағамбетов.

Айтуынша, бұл міндеттерді шешу тек мектептердің ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың да уақытын және күш-жігерін талап етеді. Сондықтан бұл жұмысты олар қолдайды деп үміттенемін, деп толықтырды ол.

Бүгінде білім және ғылым саласына қарасты 7 096 кітапхана жұмыс істейді. Мектептерде – 6 461, колледждерде – 579, жоғары оқу орындарында – 56, сондай-ақ республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана бар. Білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры – 267 325 289.

Сондай-ақ, көркем әдебиеттің балалар үшін қолжетімді болуы үшін министрлік арнайы жоба әзірлеген. Жоба аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалардың материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жақсарту, балаларға арналған көркем әдебиетті жыл сайын сатып алу бойынша шаралар қабылданады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында ауылдық жердегі кітапхана қорының ескіргенін, көркем әдебиеттің тапшы екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, ауылдарда қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер аз немесе мүлде жоқ. Оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді.

Сондықтан кітапханалардың жұмысына жаңаша көзқараспен қарау қажет екенін айтты.

Загрузка...

ТҮСІНДІРМЕСІЗ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз