Боранға байланысты жұмысқа бармағандар не істеуі керек?

0

Төтенше жағдайлар департаменті елордалықтардың қандай жағдайда жұмысқа бармауына болатынын және шешімді кім қабылдайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Елордада боранға байланысты жұмысына бара алмағандар «Қазгидрометтен» ауа райының қолайсыздығы туралы анықтама алып, басшылығына көрсетуіне болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бүгіннен бастап қалада төтенше жағдай режимі енгізілгенін ұмытпауымыз керек. «Қазгидрометтен» дабылды ескерту болған кезде, мекемеден ауа райының нашарлағаны туралы анықтама сұратуға болады. Кез келген азамат ол анықтаманы алып, басшылығына көрсете алады», – деп түсіндірді Сыздықов.

Ол азаматтар өз еркімен жұмыстан қала алмайтынын атап өтті. Бірақ мұндай шешімді ТЖД қабылдауы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

«Бүгін түнгі сағат екіде біз жұмыс күнін қысқарту қажеттігі туралы ақпарат тараттық. Сондықтан азаматтардың заңды негізі болды», – деп түйіндеді сөзін Сыздықов.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда 27 қаңтардан бастап қар мен боранға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз