тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау

0

6. Т/А. 3. 1. Тыңдалған мәтін мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.
6. Ж. 3. 1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрастыру.
– тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
– мәтін желісі бойынша графиктік мәтіндер құру;
– тыңдалған мәтін негізінде ақпаратты анықтайды;
– мәтіндегі детальді ақпараттар негізінде графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрады.
Ой қозғау. «Қазына іздеу жолында». Сабақ тақырыбына қатысты өлең жолдарын жазып, парталарының астына жасырамын. Оқушылар тауып алып, сабақтың тақырыбы қандай болатынын болжайды. Тақырып анықталған соң сабақ мақсаты хабарланады.

Тыңдалым алды.
– Қазақстандағы ірі өзендерді білесіңдер ме?
– Батыс Қазақстандағы яғни өз өлкемізде қандай өзендер бар?
– Өзендер туралы ақпараттарды қайдан алуға болады?
Қазір «Қазақстандағы өзендер» атты бейнеролик мәтінін тыңдаймыз. Сіздер сол мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайсыздар. (мәтінді екі рет тыңдау)
Тыңдалым кезі тапсырмасы. Ж.
Мәтін не туралы?
Жалпы ақпарат. Қандай өзендер аталады? Оларға қатысты қандай детальді ақпараттар бар?

Дескрипторы:
– мазмұнын түсінеді;
– детальді ақпаратты табады;
– детальді ақпаратты толық табады
ҚБ. ЖЖ. «Көршіңе әңгімелеп бер» толтырған кестесін пайдаланады, өзара бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Ж.
Оқушыға ортасы алынып қалған шағын мәтін беріледі. Мәтінді бастапқы ой мен соңғы ойдың желісі арқылы толықтырып айтады.
Дескрипторы:
– ұсынылған шағын мәтінді оқиды;
– мәтіннің өзара байланысын анықтайды;
– бастапқы ой мен соңғы ойдың желісі арқылы мәтінді толықтырады.
Бағалау критерийі: ұсынылған мәтін негізінде толық мәтін құрастырады.
ҚБ. «Шаршылар» әдісі бойынша жұмысты аяқтағаннан соң оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса шаршыны «қызыл», аздап түсінсе «сары», жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса «жасыл» түске бояйды.

Жазылым тапсырмасы. ТЖ.
Оқушылар кестеге түсіріп алған детальді деректерге сүйене отырып, графиктік мәтін (диаграмма, сызба, кесте) құрастырады. (топ арқылы саралау)
1 – топ. Графиктік диаграмма құрастырады.
2 – топ. Кесте құрастырады
3 – топ. Сызықтық диаграмма құрастырады.

Дескриптор:
– график мәтініне тақырып қояды;
– детальді ақпаратты қолданады;
– графикалық мәтінге (диаграмма, кесте, сызба) түсіреді;
Бағалау критерийі: мәтіндегі детальді ақпараттар негізінде графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрады.
ҚБ. «Әткеншек» әдісімен топтардың өзара бағалауы.

Рефлексия
Не тыңдадық? Не жаздық? Не үйрендік?

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз