Блогер Супермамасита оқырмандарға зәулім сарайын көрсетті

0

Атақты блогер Супермамасита әлеуметтік желідегі парақшасына зәулім сарайдай үйін таныстырды.

Үйдің құрылысы толықтай аяқталмаған, ол соңғы үлгідегі жабдықтар мен жиһаздармен жабдықталған.

Жеке үй өте кең, жоғарғы қабатта жеке террассасы бар. Жаңа тұрғын үйде үлкен ас үй, жатын бөлмелер мен жуынатын бөлмелер бар. Бірінші қабатта жұмыс бөлмесі, кір жуатын бөлме, қонақ бөлме орналасқан.

Видеода блогердің қызы Алиша да бар, ол үй Дубайдағы керемет қонақ үйге ұқсайды деп мәлімдеді.