Нұрғали Нүсіпжановтің жас келіншегі Майғазиевтің бетінен сүйемін деп сынға қалды (видео)

0
1916

Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың жас келіншегі күйеуінің көзінше Сәкен Майғазиевтің бетінен сүйемін деп сынға қалды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен демалыста өнер өкілдері актер Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойында бас қосты. Дүбірлі тойға Нұрғали Нүсіпжанов жұбайымен бірге келді. Әншінің жас келіншегі Сәкен Майғазиевті көргенде оның бетінен сүйіп алды. Ол сәтте «Музарт» әншісі Нүсіпжановпен әңгімелесіп тұрды. Мұны көрген көпшілік келіншектің бұл әрекетін әбестік деп санады.