Біз барлығын қалпына келтіреміз — Владимир Зеленский

0
20
Фото видеодан алынды

Украина президенті Владимир Зеленский өзге елдердің көмегімен елде барлығын қалпына келтіруге уәде берді. Өзінің кезекті бейнеүндеуінде ел экономикасын қолдау бойынша жасалған бірнеше шараларды атап өтті. Оның ішінде банк жүйесін өзгерту мен салық төлеуді жеңілдету де бар, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ресей әскері біздің инфрақұрылымымызды бұзуды жалғастырып жатыр. Қалаларымызға соққы жасауда: Киевщина, Чернигов облысы, Сумщина, Харьков, оңтүстік, Донбасс. Бірақ біліңіздер, біз барлығын қалпына келтіреміз. Әр үйді, әр пәтерді, әр көшені жаңартамыз. Соғыстан кейін мұны жылдам жасай аламыз. Барлық күшімізді жұмсаймыз. Украина өмір сүруі үшін қазір қор құрып жатырмыз», — деді Зеленский.

Мәскеуде кездескен Ресей мен Катар сыртқы істер министрлері Украина мәселесін айналып өтпей, бұл туралы да сөз қозғады. Катарлық дипломат ресейлік әріптесін «сана дауысына сенуге» шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың Киев маңындағы соғыс аймағында жүрген видеосы тараған еді.