Қасым-Жомарт Тоқаев 16-наурызда Қазақстан халқына үндеу жолдайды

0
97
Фото Inbusiness.kz сайтынан алынды

16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жасайды, — деп хабарлайды KZNEWS.KZ сайты «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1″ тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады», — делінген хабарламада.