12 жасар қызға үйленіп алған 46 жастағы еркек сотталып кетті

0
757
Сурет: N-Y-C

Душанбе қаласының Сино аудандық соты 46 жастағы жергілікті тұрғын 12 жастағы қызға діни неке құрғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды. Тәжікстанда қыздар 18 жасқа толғаннан кейін ғана үйлене алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тәжікстандағы «Озади» басылымына сілтеп хабарлайды.

Сот үкімі күшіне енді. Сотталған Давлатманд Касиров алдағы үш жылды жалпы режимдегі колонияда өткізеді. Бұл туралы ақпартты қыздың адвокаты да хабарлады.

Қоғамдық ұйымдағы дереккөз алданып қалған қыздың мектепке оралғанын айтты.

«Сотта ер адам осындай азғындыққа барғанын кінәсін мойындамады. Бірақ психологиялық сараптама көрсеткендей, діни неке кезінде қыз шарасыз күйде болған. Тіпті, ер адам бағынуға мәжбүрлеген көрінеді», – дейді қыздың құқығын қорғаумен айналысқан «Құқықтық бастама» ұйымының өкілі. 

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі өткен жылдың 5 тамызында «Қожа Давлат» деген атпен танымал Давлатманд Касировтың тұтқындалғаны туралы хабарлады. Сино ауданының 46 жастағы тұрғыны 12 жасар қызбен діни некеге жалған түрде қосылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығы дайындаған тәжік теледидарының репортажында.

Телерепортажда Давлатманд Касиров «никох» 12 жасар қызбен діни неке құрғанын мойындады. Бірақ қандай жағдайда мойындағаны белгісіз.

Алайда, Касировтың туыстарының бірі 17 наурызда сотталушы мен оның адвокаты сот үкімімен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, адвокат үкімге Душанбе қаласының сотына шағымданған, бірақ оны жою мүмкін болмады.

«Касиров сот залында қызбен жақын қарым-қатынаста болмағанын айтты», – дейді олар.

Анасы Озади басылымына 17 наурызда қызы қайтадан мектепке барғанына қарамастан, әлі де психологтың қызметіне мұқтаж екенін айтты.

«Үш жыл колония екі әйелі бар және әлі ата-анасынан жасырын түрде 12 жастағы қызбен діни некеде болған және салық органдарына үлкен қарызы бар адам үшін өте аз», – деп санайды ол.

Мұның бәрі елордада коронавирустық пандемияға байланысты сұлулық салондары жабылып, жұмысынан айрылғаннан кейін басталды, дейді әйел.

«Біз Давлатманд Касировқа тиесілі пәтер жалдадық. Жалға алу үшін 700 сомони төленді. Жұмыстан айырылғаннан кейін, Касировтың өтініші бойынша мен олармен дүкенде жұмыс істей бастадым. Жұмыс үшін азық-түлік алдым. Менің кәмелетке толмаған қызым Қожаның әйелі Давлатқа үй шаруасында көмектесті. Бірде менің кіші қызым жүгіріп келіп, Ходжидің үлкен әпкесін, яғни менің 12 жастағы қызымды ұрғанын хабарлады. Мен ер адамнан себебін сұрадым. «Сенің ісің емес, ол менің заңды әйелім», – деп жауап берді Қожа Давлат. Не істерімді білмей. тұрып қалдым», – деді әйел.

Алданған қыздың анасы оның 16 жыл бұрын үйленгенін айтты. Бірақ күйеуінен ажырасып кеткен. Қазір өзі үш баланы тәрбиелеп отыр.

Өзі кәмелетке толмаған қыз И. Н. бұрын Озоди басылымына берген сұхбатында  Хожа Давлатаның желіге қалай кіргені туралы және неге анасы туралы сөйлеспегені туралы: «Қожа бірнеше рет менен:

«Маған тұрмысқа  шығасың ба?» деп сұарды. Сол кезде ештеңе түсінбедім. Содан кейін оның әйелі менен «иә» деп айтуымды сұрады. Мен жай ғана «иә» дедім. Ал түнде әйелі екеуінің жанында ұйықтауға мәжбүр етті. Мен бас тарттым. Ол мені ұрып, тұншықтыра бастады. Қожа мен оның әйелі: «Егер мен бұл туралы біреуге айтсам, олар мені өлтіреді» деп ескертті», – дейді басынан өткен оқмға туралы жәбірленуші қыз. 

Тәжікстанда 2011 жылы неке жасы – 18 жас деп заңнамалық деңгейде бекітілді. 2013 жылы Восей аудандық соты жергілікті тұрғынды жетінші сынып оқушысымен бірге тұрды деген айыппен 23 жылға бас бостандығынан айырып еді.