Бір адамға 19 млн: Депутат медициналық сақтандыру қоры басшыларының сыйақысына шүйлікті
Депутат Аманжан Жамалов мәжілістің жалпы отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды platon.asia сайты.
«Қазіргі уақытта бюджеттен тыс қорлардың шығыстары парламент пен есеп комитетінің бақылауында емес. Мысалы, 2019 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығындары 5,8 млрд теңгеден асты. Жалақыға 4,4 млрд теңге жұмсалды.
Егер Қордың барлық 850 қызметкерін бөлсек, олардың әрқайсысы айына 434 мың теңге алады. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе көп. ӘлМСҚ қаржылық есептілігін зерделейтін болсақ, онда қордың төрт басқарма мүшесіне шамамен 77 миллион теңге, яғни әрқайсысына 19 миллион теңгеден төленді», — деді ол.
Жамалов үкіметке осындай шамадан тыс шығындарға жол бермеу керектігін айтып, сауал жолдады.
Оның айтуынша, бюджеттен тыс қорлардың шығыстары туралы ақпарат барынша ашық болуы үшін жалақы мен әкімшілік шығыстардың барлық баптары нақты көрсетілуі тиіс арнайы стандарттар белгіленгені жөн.