32 жылдан бері тас жеп жүрген қария жұртты таңғалдырды

0
303

Үндістанның Махараштра штатында тас жейтін қария өз әрекетімен жұртты таңғалдырып жүр.

Рамбхау Бодке (Rambhau Bodke) тасты алғаш рет 1989 жылы жеп көрген екен. Ол тас жеуіне бір кейуананың себепші болғанын айтып өтті. Қария «Тас жесең – асқазаныңдағы ауырсынулар басылады» деп уәде еткен екен. Осылайша ол тас жеуді күнделікті әдетке айналдырған.

Бүгінде Бодке 80 жаста. Қария бір күнде шамамен 250 грамм тас жейтінін айтады. Ол бұл әдеті дәрігерлерді шошытып отырғанын да жасырмайды. Десе де, ақсақал тастағы кальций оған күш беретініне сеніп отыр.

Бір қызығы тас жеу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екеніне қарамастан, қария бүгінгі күнге дейін дін аман жүр.