БІЛІМ ШАМШЫРАҒЫ | «Айқын» газеті

0
73

Astana Hub технопаркінің базасында «IT орталықтары – білім маяктары» атты іс-шара өтті. Кездесуге министрліктер басшылары, халықаралық сарапшылар және қазақстандық ақпараттық қоғамдастық өкілдері және т.б. қатысты.

Шара барысында аймақтық ІТ орталықтардың қызметін Ас­­­тана хабының технопаркімен бі­ріктіру тәсілдерін бірлесіп әзір­леу және жобаны ары қарай да­мы­тудың жаңа тәсілдері талқыланды.
Кездесуді «Нұр Отан» пар­тия­­сының хатшысы Илья Теренченко ашып берді.
– Бұл жобаның басты мақса­ты – азаматтардың цифрлық сауатын арттыру және білікті ІТ мамандар дайындау екендігін айтып өтейін. Бүгінгі таңда Қа­зақ­станда 24-ке жуық IT орталық жұмыс істеп тұр. Онда мыңға жуық жастар еңбек етеді. «Нұр Отан» партиясы оларға қашанда қолдау көрсетуге да­йын, – дейді партия хатшысы.
Басқосу кезінде сөз сөйлеген Қарағанды облыстық Кәсіби тех­никалық колледжі директо­ры­ның орынбасары Елена Сверд­лова отандық оқу орын­дарында цифр­ландыру әлеміне еркін ене алатын бесаспап маман даярлау ісі қолға алынғанын айтты.
– Жаңа ақпараттық техно­логия жетістіктері білім беру саласында молынан енгізілуде. Бұл өз кезе­гінде халықтың цифр­­­лық сауатын арттырады. Өңірдегі барлық кол­ледждерде автоматты басқару жүйесі енгізілген. Оқы­тушылар мен студенттерді қағазбас­тылық­тан арылту мақсатында келешекте электрондық есеп жүйесі іске қосылады, – дейді Е.Свердлова.
Мемлекет басшысының тап­сырмасы аясында биылғы жылы «IT мамандарды оқыту» партия­лық жобасы басталған болатын. Бірегей жобаның мақсаты – цифрлы технологияларды қол­да­на отырып, технологиялық және әлеу­меттік мәселелерді ше­шуге ша­қырылған маман­дар­дың аймақ­тық IT орталық­та­рының негізінде дайындау. Жоба халықтың барлық топтары үшін цифрлы техноло­гияларды (он­лайн сауалнамалар, веби­нарлар, бейнедәрістер) пай­далану ар­қы­лы жүйелі жұмыс жүр­гізу арқылы мемлекеттік тап­сыр­маларды және қоғамдық құн­дылықтарды беру механизмін құруға бағытталғанын айта кеткен жөн.

Абылайхан ЖҰМАШ

Дереккөз: Айқын