23 желтоқсанға ауа райы болжамы

0
77
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

160 0 0

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Алматы облысында қатты аяз болжанып отыр

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Қазгидромет жексенбіге ауа райы болжамын ұсынды.

Түркістан облысының кей жерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, бұрқасындатады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, Жамбыл облысының кей жері мен Қызылорда өңірінде көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-27 м/с-ке дейін күшейеді. Ал өңірдің  солтүстігінде  қатты аяз болады.

Астанада түнде 23 градус аяз болады, күндіз термометр көрсеткіші минус 15 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда ауа райы бұлтты, түнде 2 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы +2 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте аздап қар жауады, түнде 2 градус аяз, күндіз +3 градус болады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/