Бес турист мінген тікұшақ із-түзсіз жоғалып кетті

0
Бес турист мінген тікұшақ із-түзсіз жоғалып кетті


Бортында бес турист және ұшқыш болған тікұшақтың байланысқа шығуы сап тиылған.

Тікұшақ Доминикан республикасының солтүстігіндегі Пуэрто Плата курортынан елдің оңтүстігіне орналасқан Ла Романа қаласына бет алған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, ұшақ құлаған. Азаматтық авиация министрлігінің өкілі басылымға іздеу-құтқару операциясы басталғандығын айтты. Іздеу шараларына Доминиканның әскери-әуе күштері қатысуда.

Сондай-ақ екі тікұшақ, Aeroambulancia компаниясының түнде көру приборларымен жабдықталған  жедел медициналық  жәрдемі  тартылған. Әзірге із-түзсіз жоғалған туристердің қай елден келгендігі хабарланбай отыр. Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ Ла Роман аумағындағы теңіз жағалауына құлаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат