Алматыда дабылды ескерту жарияланды — Қоғам|23 Қараша 2018, 15:07

0

Алматы, BAQ.KZ. Ауа райына байланысты Алматы қаласында дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазгидрометтің дабылды ескертуіне орай Алматы қаласында 24-25 қараша күндері түнінде жауын жауып, оның арты қарға айналуы, соның салдарынан көктайғақ болуы мүмкін. Ауа райының бұзылуына орай қалан жолдарына мұз қатып, тайғанақ болуы, бұл апатты жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан жеке көліктерді пайдалануды шектеуді ұсынамыз» — делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілерден тротуарлармен жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды, көп қабатты нысандардан алшақ болуды өтінеміз.

Айта кетерлігі, 25 қарашада күндіз және түнде жауған қар тазартылып, сыртқа дереу шығарылады.

Осыған орай, Алматы қаласының әкімдігі автоәуесқойлардан жол жиегіне көліктерін қалдырмауды, қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеуді сұрайды.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ