Белгілі қобызшы Сыматай Үмбетбаев дүниеден өтті

0

Белгілі қобызшы Сыматай Үмбетбаев дүниеден өтті. Бұл туралы ақын Маралтай Раймекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қобызшы туралы өнертанушы Ықылас Ожайұлы: «…Қазақтың қадым замандардан бергі саусақ ұшына келіп ұйыған шер-наласы Сматай Үмбетбаевпен бірге жоғалар ма екен деп қорқамын. Қай күндері алабұртқан көңіл сарығын баспаққа Сматай шалған қобыз үніне аңсарым ауды.

Нанасыз ба? Мәдениет министрлігінің қолдауымен шыққан «мың күйден» Сматай қобызының үнін таппай шынымен-ақ қайран қалдым. Не деген парықсыз ел едік осы? Бүгінде не көп өзі? Зады арзан, сүйегі жасық өнерпаз көп. Ал Сматай «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» КІРГЕН «ҚАЗАҚТЫҚТЫҢ» ЕҢ СОҢҒЫ, КӨЗІ ТІРІ КЕЙІПКЕРІ ҒОЙ.

Әттең дейсің, әбілет басқан қоғамға ішің оттай жанып…»