Төрт әйелі бар еркек өзінен 35 жас кіші қызды алды

0
1585

Филиппин елінде 48 жастағы ер адам 13 жасар қызды бесінші әйелі етіп алды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

48 жастағы ер адамның бесінші әйелі басқа некеден туған балаларымен жасты. Аталған той жергілікті мұсылмандардың салтымен өтті. Ер адам бұл әйелді балаларына қамқор болу үшін алып отырғанын және 20 жасқа дейін бала көтермейтінін айтты.

Бұдан өзге ол өзінен 35 жас кіші жас келіншегімен уақыт өткізу үшін кішігірім үй салып, білім алуына жағдай жасайтынын мәлім етті. Ерлі-зайыпты тұратын Минданао аймағында заң бойынша ұлдар 15 жастан бастап, қыздар биологиялық өтпелі жасқа келгенде үйлене алады.

Бүгінгі таңда Филиппин елінде 726 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған келіндер бар. Елдегі қыздардың 15%-і 18 жасқа жетпей тұрмысқа шыққан. Сондай-ақ, оларға заң бойынша ажырасуға тыйым салынған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз