Бейнеу тұрғыны лото клубын өртегені үшін бес жылға шартты түрде сотталды

0

Бейнеу тұрғыны лото клубын өртегені үшін бес жылға шартты түрде сотталды

Бейнеу тұрғыны ағымдағы жылдың ақпан айында бензин шашып, ойын клубын өртеп жіберген. Ер адам болған оқиғаның барлығын видеоға түсіріп алған. Кейін ол 20 жыл бойы құмар ойынына тәуелділіктен зардап шеккенін және осы жылдар ішінде шамамен 200 миллион теңге жұмсағанын мойындады.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, «бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірді» деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ  «жүкті әйелі, төрт баласы және кінәсін мойындау» сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жаза шартты түрде қалдырылды.

(сурет: Lada)

t.me/orda_kz