ҚазМұнайГаз. Қасымбектер әулетінің «кәсіпкер» ханымдары

0
2695

№2 Қасымбектер әулетінің типо «кәсіпкер» ханымдары

«Жаңа Қазақстан» құрылды дейміз-ау, бірақ ол билік басында отырған Қасымбектер әулетінің мүшелеріне әсер етпейтін тәрізді.

Естеріңізде болса, зерттеуіміздің өткен санында Назарбаевтың ең сенімді серігі делінетін Махмұд Қасымбек (әкесі) пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек (үлкен ұлы) жайлы айтқан болатынбыз.

Енді Қасымбектер әулетінің басқа да ұл-қыздары мен келіндерін тізбектеп көрелік.

Ортаншы ұлы – Ардақ Қасымбек. 2005 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, 2006 жылдан – «ҚазМұнайТеңіз» ХМК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары. 2007 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржы женіндегі атқарушы директоры 2008 жылдан – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративік дамыту жөніндегі басқарушы директоры. 2009 жылдың шілде айынан бері – «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі бас менеджері.

Байқар болсақ, ортаншы ұлы өмірінде жұмсақ орындықтан түспеген. Қарапайым қызметтер атқармаған. Кілең саусақтың ұшын қозғалтса жеткілікті лауазымдарда отырған.

Қызы – Жаңыл Қасымбек. Бір қызығы Жаңыл жайлы ешқандай да мәлімет жоқ.

Соған қарамай Қасымбектер әулетінің ханымдары үйде отырғанды қош көрмейтінге ұқсайды. Мәселен, Махмұд Қасымбектің әйелі Зәуреш Кенчебаева кәсіпкерлікпен айналысады. Біреу емес, бақандай үш компанияны тізгіндеп отыр. Бірақ желіде оның бірде-бір суреті жоқ. Кімнен жасырынатыны белгісіз.

Зәуреш Кенчебаева 2016 жылы жылжымайтын мүлікті жалға беру және пайдаланумен айналысатын Rent-VIP Home компаниясының басшысы болған. Директор болып тағайындалғанына 2 апта өтпей өзінің жылжымайтын мүлігін жалға беретін компаниясын ашады және оны Rent-BC Diplomat деп атайды. Бір қызығы, бұл екі компания да бір мекен-жайда тіркелген.

2017 жылы High Vill Park Astana компаниясына жетекшілік еткен. Сол жылдың 8 желтоқсанынан бастап бұл ұйым өзінің жеке жылжымайтын мүлігін жалға беру және басқарумен де айналысқан.

Бұл әулеттің келіні де кәсіпкерліктен кем де емес. Айталық, Жеңіс Қасымбектің әйелі Ақжан Қасымбек өзінің енесімен бір мезгілде 2016 жылдың 21 маусымында өзінің атына «BC Diplomat» компаниясын ашқан. Ол да жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысқан. Онымен қоймай Ақжан Қасымбек «Нұрсая БК» компаниясының құрылтайшысы болып табылады. Бұл компаниялардың бір әулетке тиесілі екенін дәлелдейтін тағы бір мысал. Енесі мен келіні басқаратын компаниялар бір жерге, яғни Rent-VIP Home орналасқан мекен-жайда тіркелген.

Енді сұрақ, бірі Кеңсе Басшысы, бірі «ҚазМұнайГаз» директоры, бірі әкім Қасымбектердің әйелдерінің атына «бизнес» ашып, елімізді сүліктей сорып отырмағандығына кім кепіл?