Бейбіт Сейдуалиева: Тоқтар екеуміз екі рет үйленеміз деп үйленбей қалдық – Қазақстан жаңалықтары

0

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева не себепті қыз жігіт болып 7 жыл қол ұстасып жүрді. Осы уақыт аралығында екі рет жоспарланғап неге той болмай қалды? Орыстілді әнші қалайша қазақы жерге келін болы үйреністі? Бейбіт Сейдуалиева осы жайлы сұхбатында өзі айтты. 

Бұл туралы НТК Show бағдарламасында айтылды. 

«Тоқтармен өнерге келген жылы танысып, араластық. Өнердегі әріптесім, ағам секілді болды. Кейін қол ұстасып бірге жүрдік. Ол кезде мен орыстілді едім. Бала күнімнен орысша сөйлеп өскем. Мектепте орысша оқығанмын. Қазақша сөйлей алмайтынмын. Тіпті кей сөздің мағынасын түсінбеймін. Тоқтармен 7 жыл жүргенде қазақшаға әбден төселдім. Келін болуға дайын болдым десе де болады. Мені әбден дайындады. Оның үстіне мансап деген қиын ғой. Өнерде жүре тұрайық деп көп жүрдік. Бір-бірімізді әбден таныған кезде барып қосылдық. Екі рет тойымыз болмай қалды. Уақыт тапшы болды ма, өнерді қимадық па. Екі рет жоспарлаған тойымыз өтпеді. Кейін ата-аналарымыз ескерту жасаған соң, әйтеуі отау құрдық», – деді әнші. 

Әншінің сөзінше, той өте жоғары деңгейде дүркіреп өтті. Ағайын-туыс көптен күткен той болған. 

«Маған сол кезде мың доллар тұратын той көйлегін алып берді. Құдалар жаққа киітті өзіме таңдатты. Қалың малды да аямады. «Тоқтар «Менің атыма кір келмесін» деп бәрін жоғары деңгейде жасатты. Той көйлегім әлі бар. Кейін қызыма, не келіндеріме көрсетемін», – деді ол.

Әнші қазақы мәдениеті сақталған, нағыз қазақылықтың жерұйығы Семейге келін болды. Ол ата-енесінің, қайын жұртының керемет жақсы жандар екенін айтты. 

«Өзімде осындай ортаға келін болғаныма, өміріме, жетістігіме, жақсы жар таңдағаныма қуанамын. Қайын жұртым да, қайын атам да енем де керемет жандар. Балаша қуанады, болмашы нәрсеге жылай салатын кісілер. Атам өмірден өтті. Ол кісіне ерекше жақсы көрдім. Енем де тамаша жандар», – деді Сейдуалиева. 

Бүгінде қазақ тілінде майын тамызып сөйлетін әншіге қарап бір кездері орысша оқыған жан деп ойлау қиын. Бұған әнші жұбайының көмегі көп болды деп санайды.

Тағы оқыңыз:

«Анам ауырып жатқанда қайын жұртымда жүрдім»: Бейбіт Сейдуалиева анасының қазасы жайлы айтты

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз