Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 700 мыңнан асты — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 700 мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Мұндай деректерді Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары келтірді. 

Қазіргі таңда ауруға шалдыққандардың саны 720 мыңға жуықтапты. Олардың 33,8 мыңы аурудан көз жұмса, 149 мыңы індеттен айығыпты. 

АҚШ науқастардың саны жөнінен алдыңғы орында: дертке 139,6 мың адам шалдығыпты. Екінші орында  97,6 науқасы бар Италия орналасса, Қытай 82,1 науқаспен үшінші орынға табан тірепті. Сырқаттанған азаматтары көптігі жөнінен Испания, Германия, Франция, Иран, Ұлыбритания, Швейцария және Нидерланды алғашқы ондыққа кіріпті. 

Қазақстанда ауру жұқтырғандардың саны 294-ке жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында — 7, Ақмола облысында — 9 адам, Атырау облысы — 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында — 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 7 адам, Ақтөбе облысында — 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 5 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам тіркелген. Жалпы алғанда 20 адам аурудан айыққан. Қазақстанда коронавирус бір адамнның өмірін қиды. 

stan.kz