Бастығынан таяқ жеген жұмысшының әйелі әлімжеттік туралы айтып берді
«Время» газетінде Аябек Жолдаханның жұбайы жұмысшы күйеуін жұмыс берушісінің аямай ұрғанын әңгімелеп берген. Оқиға бойынша бастығы жұмысшыны алдымен жол талғамайтын көлікпен қағып, кейін соққыға жыққан, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жұмысшы әйелі Нүргүлмен бір ай көлеміне фермада мал төлін бақылап, қозыларын баққан. Басында 120 мың теңге жалақы келісілсе де, бастығы кейін еңбекақыларын бермей қойған.
«Күйеуім шыдамай үй иесін ұрып жіберді, содан төбелес болды», — дейді Нұргүл. Жұмысшылар оларды ажыратып, үй иесін сабырға шақырып жатқан кезде Нұргүл күйеуімен заттарын жинап, кетіп қалған.
Ашулы бастық жұмысшылары үйден алыстамай жатып арттарынан қуған.
«Джип бізді басып озып жеткенде, Аябек бізді жолдан итеріп жіберді. Мен балалармен бірге жол жиегінде қалдым. Күйеуім ұялы телефон камерасына бәрін түсіріп алғанымды айтып айғайлап үлгерді. Балаларыммен бірге айқайлап, жылай бастадық», — дейді әйел.
Әйел сол жерде алдымен полицияға кейін жедел жәрдемге хабарласып үлгерген.
«Болған жайтты хабарлағанымды білген Ержан аға мені балаларыммен бірге күштеп көлікке отырғызып, ес-түссіз жатқан күйеуімді де көтеріп салды. Сөйтіп бізді қайтадан қожалыққа алып кетті», — деп жылады әйел.
«Сол жерде күйеуімді аттан құлап қалды деп айт деп қорқыта бастады. Өмірім үшін қорқып, келістім…», — деді Нұргүл.
Бұрын хабарлағандай ер адам кейін ауруханаға жеткізіліп, оған қабырғасы мен иық сүйегінің сынуы деген диагноз қойылған.