Абрамович «Челсиді» сатып, соғыстан зардап шеккендерге көмектеспек

0
57
Фото infosmi.net сайтынан алынды

The Telegraph басылымының жазуына қарағанда, олигарх Роман Абрамович «Челси» футбол клубын 4 миллиард фунтқа сату туралы келісімге қол қойды, деп жазады kznews.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, түсім, нақты айтқанда 2,5 миллиард фунт Ресей мен Украина соғысында зардап шеккендерге қайырымдылыққа жұмсалмақ.

La Dodgers бейсбол командасының тең иесі және Eldridge Industries негізін қалаушы Тодд Боули консорциумның қоғамдық тұлғасы болады деп күтілуде. Дегенмен «Челсидің» ең үлкен акциялар пакеті Clearlake Capital американдық жеке инвестициялық компаниясына тиесілі болады.