Ауыл әкімі мүгедектігі бар ер адаммен төбелескен

0
61
Фото news.kmvcity.ru сайтынан алынды

Алматы облысы Панфилов ауылында белсенді Болат Жәкішев полицияға жүгінген. Оның айтуынша, әкім екінші топтағы мүгедектігі бар оны балағаттап, шабуыл жасаған, деп хабарлайды kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға ауыл әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуінде болған. Бастапқыда олар сөзге келіп қалған. Ал кикілжіңнің арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан зардап шеккен мүгедектігі бар адам полицияға шағымданған.

Осы оқиғадан кейін Панфилов ауылының әкімі Серік Шаловқа «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 30 630 теңге айыппұл салынған. Ақпаратты Алматы облысының Полиция департаменті мен Талғар ауданының әкімдігі ресми түрде растады.