«Бәріне бірдей көмек қолын соза алмайтынымыз өкінішті»: Димаш Құдайберген соғыс жайлы жазба арнады

0
63

Танымал әнші Димаш Құдайберген әлемдегі соғыс жағдайынан зардап шегетін балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Димаш ой саларлық жазбасын инстаграм желісінде жариялады.

«Кейде өмір жайлы отырып ойлану керек. Бүгін өз бөлмемде отырып, халықтың болашағы, болашақ отбасылар жайлы ойландым. Соғыс жағдайындағы елдің балалары жайлы видео көрдім. Олар жерден нанның қиқымын теріп, сосын оны қайнатып сорпа дайындайды. Нан мен цемент дәмі бар сорпа. Осы видеоны көріп болғаннан кейін тойып ас іштім. Бәріне бірдей көмек көрсете алмайтынымыз қандай өкінішті», — деп жазды Димаш.

Әншіні өмірінің ең керемет сәттерін аштықта өткізіп жүрген адамдардың өмірі алаңдатты.

«Неге кей адамдар өмірінің ең жақсы уақытын аштықта өткізіп жүр? Неге адамдар миллиард ақшаларды соғысқа жұмсайды? Бұл ақшаға әлемде қанша миллион адамның тағдырын құтқаруға жұмсауға болады. Сіздерге ол ақшаның керегі не? Бұл ақшаның бәрін о дүниеге алып кете алмайсыз ғой. Біздің ұрпақ соғыссыз ел көрмейтін шығар», — деді Димаш Құдайберген.