Қонаев қаласының әкімі казинолардың халыққа пайдасы зор деп есептейді

0
789

Қонаев қаласының әкімі ондағы ойынханаларды жабу туралы қауесетке түсініктеме берді.

Әкім Нұрлан Қуматаев қаладағы ойынхана ешкімге кедергі келтірмейді, тек пайда әкеледі деп есептейді.

Ол Orda.kz  тілшісіне ауылдағы ойын орындарының болашағы туралы соңғы жаңалықтарды айтып берді.

Қала басшысы  мойындағандай, ойынхананы жабу туралы мәселені сөз етуге тұрмайды. Оның айтуынша, онда 7,5 мыңнан астам адам жұмыс істеп, ойын орындарының жергілікті халыққа пайдасы зор.

«Казино аймақ экономикасына мультипликативтік әсер береді. Онда біздің тұрғындар жұмыс істейді, сонымен қатар жергілікті кәсіпорындар ойын алаңдарына қызмет көрсетеді. Осының барлығы, сайып келгенде қала тұрғындарының тұрақты жұмыс орнының болуына мүмкіндік береді. Оларды жабу туралы сөз қозғалмады», – деді әкім.

Айта кету керек, бүгінде Қонаев аумағында (Алматы-Талдықорған тасжолының бойында) бес ойынхана, төрт ойын клубы және алты букмекерлік кеңсе жұмыс істейді.