Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Қасіретті қаңтардан кейін сынға қалған Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болып тағайындалды.
Ұйымның сайтында хабарланғандай, Сағынтаевты ЕЭК алқасының мүшесі етіп тағайындау туралы шешім 23 мамырда Мәскеуде қабылданған. Бұл қызметте ол Руслан Бекетаевты алмастырды.