Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты күдік расталса, Дәурен Абаев қызметінен кететінін мәлімдеді

0
198

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты күдік расталса, қызметінен кетуге дайын ба деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Егер бұл істер мен министр кезімде болған болса, мен отставкаға кетуге дайынмын. Оқиға нақты қашан болды? Бұл сұрақ Антикорға жолданады», — деді Дәурен Абаев

Айта кетейік, Дәурен Абаев 11 қаңтарда ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған болатын. Бұл үкімет отставкаға кеткеннен кейінгі ең күтпеген тағайындау болды.