Экс-президентке жаңа айып тағылды

0
367

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа жаңа айып тағылды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап. 

Атамбаев 2010 жылдың маусымындағы қақтығысқа қатысты кінәлі деп танылған. Бұл туралы қорғаушысы Сергей Слесарев мәлімдеді.

«Алмазбек Атамбаев құжаттарға қол қою және күдікті екені туралы хабарлама алуға қатысты барлық тергеу шараларына қатысудан бас тартты», – деді қорғаушысы.

Бұған дейін Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты босату кезінде пара алды деген күдікпен 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар оған жемқорлық, заңсыз баю, билікті басып алуды ұйымдастыру және 2019 жылы резиденциясына шабуыл кезінде жақтастары арнайы бөлім сарбазын өлтіру бойынша да айыптар тағылған. Ал Атамбаевтың сөзінше, өзіне тағылған айыптардың барлығы саяси болып табылады.

(Фото ашық ақпарат көздерінен)