Бақытыңның бар шағында байқамапсың»: Әсел Асқар қазақша өлең оқып, көпшілікті сүйсіндірді (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Бүркіттің қарындасы, актриса Әсел Асқар қазақ поэзиясына жақындығын байқатты. Ол қазіргі елдің жағдайынан туған өлеңді оқып, көпшілікті сүйсіндірді. 

Экран алдында өлең оқыған актрисаның видосы желідегі парақшасында жарияланды. 

«Байқадың ба?» деп аталатын өлең шумақтарының авторы торғайлық ақын Саят Әбенов. 

Байқадың ба жүрегіңнің жұмсарғанын,
Енді ғана көңіліңді мұң шалғанын.
Бұған дейін жақындарға уақыт таппай,
Арасында өтті күнің мың шаруаның.

Байқадың ба өміріңнің өзгергенін,
Жан-дүниеңді бір-ақ сәтте кезгенде мұң.
Көз алдыңа көрсетті ме көрмегенді,
Ағып бара жатқан шақта көзден нұрың.

Байқадың ба бейқам күннің батырлығын,
Аяқ асты таңдайыңа татырды мұң.
Сырттан келген сол қасірет сездірді ме,
Үйіңдегі адамдардың жақындығын.

Байқадың ба жүрегіңнің жұмсарғанын,
Енді ғана көңіліңді кір шалғанын.
Бақытыңның бар шағында байқамапсың ,
Уақытыңның кімге қалай жұмсалғанын…

Желі қолданушылары өз бағасын беріп жатыр. Бірі басқа ақындардың өлеңін қаласа, бірі жақсы пікір қалдырды. 

«Дәл осылай, Мұқағали ағамыздын өлендерін естісек, ғажап болар еді!!!», «Поэзия әлемі сізге өте жарасады», «Өте әсерлі, әдемі орындау», «Жаным сол, тіліңнен сенің»- деп жазды олар.



stan.kz