Қазақстанда 11 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 11 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 12-16 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

11 сәуірге жоспарланған шаралар

08.20 – HR-менеджерлер қауымдастығы және Астана мемлекеттік қызмет хабы ұйымдастыратын I онлайн HR-конференция. Конференция «Қазақстанда және әлемдегі HR-да не болып жатыр?» атты жалпы пікірталаспен басталады. Қазақстандағы жетекші компаниялардың HR директорлары өндіріс, авиация, агро, телекоммуникация, қаржы, бөлшек сауда және мемлекеттік сектор сияқты өз салаларындағы кадрларға қатысты жағдай туралы әңгімелейді. Korn Ferry Қазақстандағы өкілі Тамерлан Ларионов әлемдегі HR саласындағы жаһандық зерттеулер туралы мәліметтерді таныстырады. Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның бизнес сарапшылары көрші елдердегі жағдайға түсініктеме береді. Конференцияда «HR-дың жаңа сын-қатерлері» атты қазақстандық зерттеудің қорытындысы ұсынылады (Осы сілтеме бойынша трансляция жасалады. Байланыс телефоны: +7 776 272 27 09).

15.00 — «Самая таинственная повесть А. С. Пушкина» онлайн-сабағы болады. Апта сайын сенбі күні сабақты Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының YouTube-каналында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Лаура Ілиясова өткізеді.

18.00 – «Астана Опера» театрының гала-балеті. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

20.00 — Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Өлең, мен сені аялаймын» поэзия сағаты. Тікелей эфирді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері – Бақыт Исабекова мен Алтынай Нөгербек жүргізеді (Трансляция театрдың Instagram-дағы @kaztheatre парақшасындағы жасалады).

21.00 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Рысқали мен танымал қобызшы Ақерке Тәжібаеваның «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясындағы онлайн-концерті («Қазақтелеком» АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

12 сәуірге жоспарланған шаралар

15.00 – «Астана Опера» театрының «Сұрақ қой» айдары. Тікелей эфирде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балерина, хореограф Гауһар Усина (Трансляция театрдың YouTube каналында жасалады).

18.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Дон Карлос» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 — Эстрада және опера әншісі Толқын Забированың «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясындағы онлайн-концерті («Қазақтелеком» АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

15 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Шопениана», «Шехерезада» күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

16 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Абай» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz