Бақытгүл Хаменова тергеліп жатса да, қызметінен кетпеген

0
34

Бақытгүл Хаменова бүгінгі күнге дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайтында экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде аталып келеді. Азаматтар тіпті оған өтініш жаза алады.

Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Б.Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берген болатын. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Аса ірі мөлшерде пара алу) 2-бөлігі бойынша тергелуде.

Фото, ақпарат: @egovpress