«Халқымды қанды қырғыннан құтқардым» — Қосанов сайлаудан бас тартты

0

Саяси сайлаудағы стенд-ап мәдениеті бойынша әлемнің абсолютті чемпионы Әміржан Қосанов дәстүрлі түрде ауысып, елдің басты жарысына қатысудан бас тартты. Бұл туралы ол:

«Иә, өткен президенттік сайлаудың қорытындысын мойындап, мен біраз сынға да ұшырағанмын. Бірақ, біреу келісер, біреу келіспес, билік сол жолы өліспей беріспейтін еді, оның арты сұмдық сойқанға ұласып, бас жарылып, қан төгілуі мүмкін еді.

Осыдан біраз уақыт бұрын мен 2022 жылғы президенттік сайлауға түсуге дайын екендігімді мәлімдеп едім. 2019 жылы сайлауға қатысқан мен осы жолы да тіркеуден оп-оңай өте алатынымды, демократиялық ұстанымымды паш етіп, кез келген қарсыласпен лайықты бәсекеге түсе алатынымды жазғанмын.

Иә, өткен президенттік сайлаудың қорытындысын мойындап, мен біраз сынға да ұшырағанмын. Бірақ, біреу келісер, біреу келіспес, билік сол жолы өліспей беріспейтін еді, оның арты сұмдық сойқанға ұласып, бас жарылып, қан төгілуі мүмкін еді. Сондықтан өз басым сондай қиын, сол кезде екінің бірі түсінбеген шешім қабылдап, халқымды қанды қырғыннан құтқарып қалдым деп есептеймін» — деп пікір білдірді.

Ақпарат: @egovpress, sn.kz
Фото: tengrinews.kz