Балконда жалаңаш тұрған 13 қыз қала тұрғындарының ашуына тиді (видео)

13 қыз қонақүйдің балконында жалаңаш суретке түскен.

1
3371

Дубай полициясы қала орталығындағы Dubai Marina қонақ үйінің балконында жалаңаш суретке түскен қыздарды ұстады, деп хабарлайды Associated Press.

Ханымдар ашық балконға фотосессия ұйымдастырды, бірақ оларды жақын маңдағы биік ғимараттан камераға түсіріп алған.

Видео әлеуметтік желілерге орналастырылады. Консервативті қоғамның реакциясы көп ұзамай болды – полиция жетіп келген. Билік өзінің Twitter-дегі аккаунтында «мұндай қолайсыз мінез-құлық әмірлік қоғамының құндылықтары мен этикасына сәйкес келмейді» деп жазды.

Енді фотосессияға қатысушыларды бес мың дирхам айыппұл (600 мың теңге шамасында) және алты айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Іс материалдары қосымша тергеу үшін жергілікті прокуратураға өткізілді.