Баланы тойдан кейін жоспарлап отырмыз: Тәуекел Мүслім мен әйелі сұхбат берді – Қазақстан жаңалықтары

0
41

Мың арудың жүрегін жаулаған актер Тәуекел Мүслім жарымен бірге онлайн сұхбат берді. Тойға дайындықты кейінге қалдырған актер жары Махаббат екеуінің жоспарлары жайлы айтты.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тәуекел мен жары Махаббат карантин уақытында әпкесінің үйінде жүгін жинап тас-түйін отыр. Олар карантин аяқталысымен көшуге дайын. Ал, тойға дайындық та елдегі төтенше жағдайға байланысты болып отыр.

«Тойды уақытында көреміз. Карантин болып жатқандықтан той жасамай-ақ қояйық деп әзілдеп жатырмын. Оның үстіне Махаббат бала сүйгісі келіп жүр. Бірақ баланы тойдан кейін деп жоспарлап отырмыз. Себебі ел дұрыс түсінбей қалып жүрер. Қазір қаңқу сөз көп қой. Тойға дейін жақын болған деп қателесіп жүрер. Қазір уақытша әпкеміздің үйіндеміз. Сол жағы ғана ыңғайсыз болып отыр. Өз пәтерімізден уақытша көшіп кеттік», – деді Тәуекел.

Ал, қазақ тілінде қойған сауалға Махаббат орысша жауап берді. Тіпті қазақша сұрақты түсінбеген кейіп танытты.

«Тәуекел өте қарапайым жан, өте мейірімді. Маған үй шаруасына көмектеседі. Қоқысты өзі төгіп келеді. «, – деді ол.

Жақында ғана отау құрған актердің тойы елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылған еді. Ойда-жоқта сүйіктісін кезіктірген ол Махаббатты сырт келбеті, сыпайылығы, адамгершілігі үшін ұнатқанын тағы да атап өтті.

«Өте жарасымды жұп», «Біріне сай, екеуі де көрікті», «Тәуекелдің шын ғашық екені көрініп тұр», «Махаббаттың қазақша түсінбейтіні қызық екен, бір сұхбатын қазақ тілінде беріп еді ғой», «Қазақша түсінбейді деп ойламаппын», деп жазды желі қолданушылары.


Тағы оқыңыз:

«Мен бұрын Тәуекел түскен киноларды көрмегем, қызықпаппын да»: Тәуекел жары екеуі алғаш рет сұхбат берді

«Сұлулық салонында жұмыс істеп, маникюр жасаумен айналысамын»: Тәуекелдің қалыңдығы өзі жайлы айтып берді


stan.kz