Қызылордада коронавирусқа шалдыққан әйелдің босанған сәбиі ауруға шалдықпаған – Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылордада коронавирусқа шалдыққан әйел босанған нәрестенің сау екендігі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сәби

Бұл туралы Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», – деді басқарма басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанғаны жайлы айтылған еді.

«Жаңа туған нәресте кювезге салынған: салмағы 2970 грамм, бойы 51 сантиметр. Баланың жағдайы қанағаттанарлық», -деді дәрігерлер. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз