«Баламды жетім өсіргім келмеді»: Ақбота-Нұр күйеуімен қайта қосылуға не итермелегенін айтты

0

Дәурен мен Ақбота бірде ажырасады, бірде қосылады. Жұлдызды жұпқа ең жиі көп айтылатын сын осы. Әйткенмен бүгінде екі баланың анасы атанған Ақбота-Нұр есін жиғанын айтады. Өмірге деген көзқарасым өзгерді деген ол енді бұрынғы қателіктерін қайталамауға бекінген.

Ақбота күйеуі Дәуренмен қайта қосылуға не итермелегенін айтты.

«Ұсыныс сол кісінің тарапынан түсті. Мен де баламды жетім өсіргім келмейді ғой. Ақыл-есімді жиып, қайта-қайта әр жерге барып жылай бермей, не болса да бір нанымды бөлісіп жеген жолдасым ғой деп қайта қосылдым.

Бір баламен қалған немесе ажырасқан келіншектер түсінеді деп ойлаймын. 2016-2017 жылдар мен үшін өте қиын болды. Біздің жаңалығымызды білмейтін адам жоқ шығар?!» — дейді Ақбота.

Сонымен қатар, бүгінде Айдарқұлова атанған бикеш екі баланың анасы атанған соң өмірге деген көзқарасының өзгергенін айтады. Сөзіне қарасақ, бұрынғы ерке қыз енді жоқ.

«Жай ғана апасының ерке қызы, қиыншылық көрмеген, ақ саусақ, ақкөңіл, ешкімге ренжімейтін балаша қыз болғанмын. Ал қазір екі баланың анасы атанғаннан кейін өмірге деген, жан-жағыңа деген көзқарас өзгереді екен. Қазіргі Ақбота 70-80 пайызға басқаша. Жинақылау, өзінің қара басын ғана емес, отбасын ойлайтын Ақбота болдым», — дейді Айдарқұлова.