Ауыл қызының комплексі ішімде әлі де бар – Баян Алагөзова
Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде Кремльде түскен суреттерін жариялады, деп жазады kznews.kz сайты.
Баян Мақсатқызы “Қызыл алаңда” түскен суретін жариялады.
«Бұрын Оралдан Алматыға ата-анама келетінмін. Сонда “Қазақстан” қонақүйінің алдында міндетті түрде суретке түсетінбіз. Қысқасы, ауыл қызының комплексі әлі де ішімде бар, белгілі жерлерде тез арада суретке түсу керек», – деп бөлісті продюсер.
Сондай-ақ продюсер қысқа белдемше, ұзын жейде және жүрек пішіндес LV сөмкесін таққан образын көрсетті.
“Әдетте мен мұнша көп фото жарияламаймын. Суретке түскенді де ұнатпаймын. Бірақ менің жанымда Назым Ермекқызы, бұл бір сұмдық болды, ол менің артымнан қалмай, үнемі суретке түсіреді. Айтқанын орындағаннан басқа амалым жоқ, себебі ол қоймайды.
Бірақ фотограф ретінде талантты. Рас қой?”, – деп жазба қалдырды ол.