Муляжды босандыру: мед-студенттердің бейнеролигі желіде қызу талқыланып жатыр

0

«Шығыс Қазақстандық мед-студенттерінің әзіл аралас ерсі видеосы желіні шулатты» деп Астана арнасына (бейнематериал төменде)сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

1 курс студенттерінің әзіл аралас ерсі видеосы Казнетте таралып, көрермендер тарапынан жағымсыз пікірлер тудыруда. Видеода болашақ акушерлер муляж арқылы жасанды босану процесін көрсетпек болған.
Бүгінде аталмыш видео бойынша желі қолданушылар тарапынан: «Бұлар осылай жұмыс істей ме?», «Осыдан кейін медицина қызметкерлерін жек көретін болады», «Өзін дұрыс ұстауға болмай ма?», «Бұдан қандай акушер шығады?»,- деген толассыз пікірлер келіп түсуде.
Қазіргі таңда желі қолданушылары студенттердің оқудан шығуын, жазалануын талап етуде.
«Өз мамандығына осындай құрметсіздік көрсеткені бізді де таңқалдыруда. Бұл біздің аудитория, біздің студенттер емес. Видеоның бізге қатысы жоқ, қай колледжде түсірілгені бізді қызықтырып отыр», — деді Өскемен медициналық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Бауыржан Мұратбекұлы.
1 курс студенттерін қорғау мақсатында құқық қорғаушылар араша түсті. Олардың айтуынша, медицина саласына қатысты негативті пікірлер пандемия кезінде қалыптасқан. Ал бұл видео тек желіде көп қаралым жинау үшін түсірілген.
«Видеоны түсірушілердің бала екенін ескеріп, кез келген жағдайға адекватты түрде қарау керектігін ұмытпаған дұрыс. Себебі, бәрімізде бала болдық. Десе де, желіге жүктер алдында ойлану керектігінде жоққа шығармаймыз. Өйткені, көптеген жағымсыз пікірлер автордың өзіне де кері әсерін тигізуі мүмкін. Студенттің жасаған әрекетін салғырттықтан гөрі, түсінбестік деп санаймын», — деді құқық қорғаушы Индира Какимова.
Айта кетейік, құқық қорғаушылар студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деп ұсыныс тастауда.