«Ауру жұқтырасыз!»: Қарағандыда сырқат әйелді емханадан қуып шыққан

0
237

Күндізгі стационар да ПТР тесті оң нәтиже бергендіктен жатқызуға рұқсат бермеген.

Бүйрегі ауыратын Қарағанды тұрғыны ПТР тесті оң болғандықтан өзін күндізгі стационардан шығарып жібергеніне шағымданды. Әйел бүйрек ауруының асқынуына дәрігерлердің көмегінсіз өзі төтеп бере алмайтынына сенімді. Егер ауыр патологиясы бар адамнан COVID анықталса, жағдайы қиындайтыны белгілі.

Валентина Мұстафина екі апта бойы созылмалы пиелонефриттің асқынуынан зардап шегіп отыр.Үйде ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектермен емделу ешқандай пайда әкелмеген. Аурухана барлық орынның бос емес екенін айтып, оны жатқызудан бас тартқан. Күндізгі стационар да ПТР тесті оң нәтиже бергендіктен жатқызуға рұқсат бермеген. Бірақ коронавирустың симптомдары білінбепті.

Маған сол жерде тұрған әйел дереу «Болды, шығыңыз!» деді. «Шығыңыз! Бәріне ауру жұқтырасыз» деп мені итті көшеге қуғандай қуып шықты. Содан кейін мен орындықта бір сағат отырдым, – дейді науқас.

Клиниканың айтуынша, созылмалы науқаста COVID анықталған кезде, оны таза аймақтан шығарады. Өкпенің КТ және басқа да тексерулері жасалады. Созылмалы аурудың асқынуы және COVID анықталған науқас жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық госпитальға жатқызылады.

Сол жерде негізгі аурумен қатар барлық ауру емделеді. Егер өкпе 20%-дан аз зақымданса, COVID белгілері байқалмайды. Созылмалы ауру амбулаториялық емдеуге мүмкіндік береді, яғни пациент үйде қалдырылады. Оң ПТР-мен жоспарланған операция да кейінге қалдырылады. Сауыққаннан кейін жаңадан кезекке қояды. Егер жағдай шұғыл болса, комиссиямен шешіледі. Бұл онкологиялық науқастарға да қатысты. Диализде коронавируспен ауыратын науқастар үшін арнайы бөлімдер бар.

Ешкім, ешқандай ауру ұмытылмайды. Біз созылмалы аурулары бар науқастарды қарауды ұмытпаймыз және емдеуді жалғастырамыз. Бірге күресу керек. Біз майданда жалғыз қалдық. Ал халық әрқашан теріс пікірде. COVID кезінде созылмалы аурулар жиі шиеленіседі. Валентина Мустафинаға системасын салып, екі пакет дәрісімен үйіне жібердік. Оған мобильді бригада келеді деп уәде бердік, – дейді Қарағанды қалалық № 4 емхана директоры орынбасарының міндетін атқарушы Шахрух Туламетов.