Қазақстанға аптап ыстық қайта оралады: Синоптиктер ауа температурасының көтерілетінін ескертті

0
24

Қазгидромет 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Фронтальдық бөлімдердің ықпалымен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады. 21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде +20+25℃, күндіз +33+41℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18℃, күндіз термометрдің бағандары +23+35℃, солтүстік-батыста түнде +12+25℃, күндіз +25+40℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21℃, күндіз +25+35℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40°С» – делінген хабарламада.