Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды

0

Қазіргі кезде вирус жұқтырған науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға тиісті емдеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik.  Жедел штаб өкілдері үш жастағы бүлдіршіннің Covid-19 вирусын тасымалдаушымен тығыз байланыста болғанын айтып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулік ішінде аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Міндетті тексеру жүргізу нәтижесінде Теңіз кен орнының 9 жұмысшысы анықталды.

«Тағы үш науқас Исатай ауданының тұрғыны. Оның бірі 24 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болса, екіншісі 53 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны. Ал үшіншісі үш жастағы бүлдіршін қыз. Оның вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды», – делінген жедел штаб хабарламасында.

Қазіргі кезде барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға алгоритм бойынша емдеу жүргізілуде. Инфекция ошағы мен байланысатын адамдар шеңбері де анықталды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 891 адамды құрайды. Ал жазылып шыққандар – 226.

Оқи отырыңыз: Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды



sputniknews.kz