Таллинде Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі орнатылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Таллиндегі Кадриорг паркінде Димаш Құдайбергеннің құрметіне отырғызылған ағашқа ескерткіш белгі орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның Эстониядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов қатысты.

Осы акцияны ұйымдастырушы «Dimash Estonian Dears» фан-клубының мүшелері — 300 жылдық тарихы бар бұл саябақ өздерінің сүйікті әншісінің әндерін тыңдай алады деген үміт білдірді», — делінген елшіліктің хабарламасында.

Эстониядағы Димаш фан-клубында елдің әр түкпірінен 500-ден астам адам бар.

Бұдан бір күн бұрын 24 мамыр Димаш Құдайберген 26 жасқа толды.

stan.kz