21 сәуір: атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0
99

Бұл григориан күнтізбесінде 111-ші күн. Жыл соңына дейін 254 күн бар.

21 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         21 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Халықаралық пірәндік күні аталып өтеді. Пірәндік – ұннан жасалатын тәтті тағам. Түрлі дәм беру үшін жаңғақ, цукат, мейіз, жеміс-жидек тосабы қосылады. Әдетте, пірәндік дөңгелек немесе сопақ пішінді болады, беткі жағына сурет бейнеленіп, кейбірінде жазу жазылады. Көп жағдайда бетіне қант ұнтағы себіледі. Ертеде пірәндік мерекенің символы саналған, себебі оның құрамына қосылатын ингредиенттер әркім қалаған уақытында сатып алатын арзан өнімдер емес еді. Ежелгі Русьте алғашқы пірәндіктер IX ғасыр шамасында пайда болып, «балды нан» аталды. Қарабидай ұнына бал мен жидек шырыны қосылып дайындалатын.

Тағы оқыңыз: Әкесін құтқару үшін майданға аттанды: Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?

Сондай-ақ, бүгін Халықаралық астрономия күні. Астрономия күні 1973 жылы Калифорнияда тойлана бастады. Солтүстік Калифорния астрономия қауымдастығының президенті Д.Бергер (Doug Berger) адамдарды әйгілі обсерваториялардың ашық есік күндеріне шақырып, әуреге салғанша, халық көп жиналатын орындарда – көшелерде, сауда орталықтары мен саябақтарда телескоптар орнату қажет деп санады. Осылайша астрономияны сүйетін жандардың басын біріктіріп, жаңа астрономиялық қозғалыс құрды. Астрономия (грек сөзінен шыққан,  ἀστρο «жұлдыз» және νόμος «заң) – көне ғылымдардың бірі, аспан денелері мен жүйелерінің шығуын, орналасуы мен қозғалысын, дамуын зерттейтін Ғалам туралы ғылым. Атап айтсақ, астрономия Күн мен жұлдыздарды, күн жүйесінің планеталары мен олардың серіктерін, астероидтарды, кометалар мен метеороидтарды, экзопланеталарды, жұлдыздаралық және ғаламшараралық заттарды, галактикалар мен олардың шоғырын зерттейді.

Тағы оқыңыз: Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?

Қазақстанда бүгін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері төл мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл күн президенттің 2014 жылғы 4 мамырдағы жарлығымен бекітілген болатын. 2014 жылдың 21 сәуірінде, Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметі қайта құрылды – оның құрамына Президенттің күзет қызметі мен Республикалық гвардия кірді.

         21 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1785 жылы Канададағы алғашқы алқабилер сотының отырысы өтті;

1944 жылы Францияда әйелдер сайлау құқығына ие болды;

1951 жылы КСРО Ұлттық олимпиада комитеті құрылды;

1964 жылы британиялық BBC 2 телеарнасы хабар тарата бастады.

         21 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1925 жылы «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады;

1959 жылы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Ленин сыйлығын алды;

1961 жылы Қазақстандағы газ саласының қалыптасуында ерекше рөл атқарған «Орта Азия – Орталық» магистральды газ құбырының құрылысы басталды;

2014 жылы ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері қайта құру жолымен Ұлттық ұлан болып қайта ұйымдастырылды;

2016 жылы Петропавлда өрт сөндіру кезінде қаза тапқан азаматтық қорғаныс аға сержанты Алтынбек Әбдірахмановтың кұрметіне естелік тақта ашылды.

         21 сәуірде әлемде туған танымал тұлғалар

1926 жылы 1952 жылдан бері Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өмірге келді;

1947 жылы америкалық рок-вокалшы, альтернативті рок ұстаздарының бірі Игги Поп дүниеге келді. Оны рок-альтернативаның дамуына қосқан үлесі үшін панк-рок пен гранждың «атасы» деп те айтайды. 2009 жылы белді британиялық Classic Rock журналы оған «Тірі аңыз» атағын берді;

1952 жылы кеңестік еркін стильдегі палуан, екі дүркін олимпиада чемпионы (1976, 1980), төрт дүркін әлем чемпионы, үш мәрте Еуропа чемпионы Сослан Андиев туды. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1976). РКФСР еңбек сіңірген бапкері (1987). РКФСР еңбек сіңірген дене шынықтыру қызметкері (1991);

1968 жылы ресейлік жазушы-прозашы, детективті романдардың авторы, сценарист, аудармашы, тележүргізуші Татьяна Устинова өмірге келді.

         21 сәуірде Қазақстанда кім туды

1953 жылы ақын, жазушы-аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Тобаяқов дүниеге келді;

1964 жылы мемлекет қайраткері, бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов туды;

1986 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бұл күні барлығы сіздің көмегіңіз бен қолдауыңызға мұқтаж болады. Бас тартпаңыз, мүмкіндігінше қол ұшын созғаныңыз абзал.



sputniknews.kz