Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Тартпасын елім тауқымет)

0

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Тартпасын елім тауқымет) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Тартпасын елім тауқымет) на казахском языке

Аңсаған бостан арайын,
аптап күн қақтап самайын.
Таразы көңіл тыншытпас,
тағдырдың тартқан талайын.

Шырылдап бала қолында,
ел-жұрты қалып соңында,
егіліп кете барды ғой,
айырмай оң мен солын да.

Болғанда жұмыр бас қайғы,
қастанып жолдан дос тайды.
«Ау» десе жау боп көрінер,
қарысқан жағын ашпайды.

Шындықты айту арман боп,
адал жан көп те қалған жоқ.
Дүние мынау жалған боп,
шынықты адам тарлан боп.

Өздіктен түспес көктегі,
еңбекпен ғана көктеді.
Асырап, баққан отбасын,
үйде – адам,
түзде – көкбөрі.

Бір үзім нанды бөліскен,
бір шыны суды тең ішкен.
Адасып кеткен туғандар,
қауышып қайта көріскен.

Тарихы оның терең-ді,
адамзат бұған таупық ет.
Еңсесі биік ел енді,
тартпаса екен тауқымет.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!